Министрлік бітіру кештері тек мектеп қабырғасында өтетінін ескертті
Оқу-ағарту және ішкі істер министрліктері орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды бекітті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ведомстводағылар аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылатынын ескертті.
Сонымен қатар, білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Ал бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға болмайды.
«Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды», деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: