Қазақстан жаңалықтары•23 наурыз 2026, 12:25

Мөлдір Мұқан ел естімеген қуанышты жаңалығын айтты

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесіне құрбысы су жаңа көлікті тарту етті.

"Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса, жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады.

Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет!

Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын!

Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін, құрбым!",-деп жазды Мөлдір Мұқан.

Продюсер жаңалық Әнші тосынсый
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:30 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар