Мүгедектігі бар екі өгей қызына тиіскен ер адам сотталды

Мүгедектігі бар екі өгей қызына зорлық жасап, ВИЧ жұқтыртқан ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға Павлодарда 2025 жылдың көктемінде болған.

48 жастағы ер адам 10 және 11 жастағы, мүгедектігі бар әпкелі-сіңілі екі қызға зорлық көрсеткен.

Қыздардың анасы 2018 жылдан бері ер адаммен қарым-қатынаста болған және балаларын бірнеше рет оның қарауына қалдырған.

Сотта ер адам жауап беруден бас тартты.

Сондықтан оның оқиға кезінде өзінің ВИЧ мәртебесін білген-білмегені анықталмаған.

Ақпарат оқиға ер адам сот

Тақырыпқа жаңалықтар