Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәдениет және ақпарат министрлігі әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байласты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады.
Мұхтар Шаханов – қазақ руханиятына зор үлес қосқан бірегей тұлға. Ол бар ғұмырын әдебиет пен ұлттық құндылықтарды дамытуға арнап, кейінгі буынға бай мұра қалдырды. Шаханов қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосты. Ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін ақын жансақтау бөлімінде жатқаны айтылып еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: