Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қор басшысының айтуынша, 84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген.

Нұржігіт Ысқақ өз жазбасында ақынның ұлт мүддесі жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол Шахановтың Кеңестік жүйе кезінде Кремль төрінде Желтоқсан оқиғасы туралы ақиқатты айтып, басын бәйгеге тіккен ерлігін еске салды. Қор төрағасы бүкіл қазақ елі мен түркі әлемін ақынның тез сауығып, ортамызға оралуы үшін тілеулес болуға шақырды.

Шаханов Жансақтау Аурухана Ақын

Тақырыпқа жаңалықтар