«Наурыз» бағдарламалары: 200 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

«Наурыз» бағдарламалары: 200 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7,2 мыңға жуық пәтер сатып алынса, «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағдарламалары аясында 205,7 млрд теңге көлемінде қарыздар берілген. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.
Вице-министрдің айтуынша, кезекте тұрғандарды есепке алу тетіктерін «Отбасы банкіне» беру процесті ашық етуге мүмкіндік берген. Қазіргі уақытта кезекте 960 мыңнан астам азамат тұр.

«Мемлекет тұрғын үйді жалға беру ісін субсидиялауды жалғастыруда, аталған шараны 11 мыңнан астам азамат пайдаланды, оған бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылдық мөлшерлеме 2% және 5%-бен 4,9 мың жеңілдетілген қарыз берілді», - деді ол.

Наурыз Баспана бағдарлама үй
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар