Наурыз ҰБТ-да 264 талапкер ереже бұзды

2 наурызда басталған Наурыз ҰБТ-сын 6 сәуірге дейін 179 мың талапкер тапсырды. Орташа балл 66-ны құраса, ең жоғары нәтиже 140 баллға жеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 75 пайызы тесті қазақ тілінде тапсырған. Орыс тілін таңдағандар – 25 пайыз, ал 157 адам ағылшын тілінде сынақтан өткен.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 179 мың оқушының 70%-ы шекті балл жиған. Ал орташа балл – 66 балл болған. Сонымен қатар, Наурыз ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 408 талапкер қатысты.

Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды.

130 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болып тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 134 адам шығарылды.

Наурыз тест бақылау

Тақырыпқа жаңалықтар