Navai Қазақстаннан шығарылды: рэперге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Полиция мәліметінше, орындаушы жасаған ісіне өкінген. Қылмыстық іс оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын өкінгені ескеріліп, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Navai, яғни Наваи Бакиров 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кірген кезде Қордай өткізу бекетінде ұсталған еді. Полиция сол кезде ол отырған көлікті тексеру барысында есірткі заты табылғанын хабарлаған. Есірткінің рэперге тиесілі екені туралы ресми түрде айтылған жоқ.

полиция Қылмыстық іс Рэпер Есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар