Назарбаев университетінде денесі дәретханадан табылған студент қыз туралы тың дерек
Астана қаласындағы Назарбаев университетінде студент қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Марқұмның денесі жатақхананың дәретханасынан табылған еді.
Министрдің айтуынша, аталған оқиға бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар жұмыс істеуде. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілмек.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: