Нұрай Серікбайдың ісі: Күдікті 35 рет пышақ сұққан

Сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялады. Сотталушыға аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Arbat.Meqia.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам 21 жастағы Нұрайды 2025 жылдың жазынан бастап аңдыған. Қазан айында оны Алматыдан өз еркінен тыс алып кеткен. Сондай-ақ 7-11 қазан аралығында оған кемінде 154 рет қоңырау шалған.

Айыптау нұсқасы бойынша, 11 қаңтарда күдікті Нұрайға 35 жерден пышақ сұғып, салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмған.

Егер кінәсі дәлелденсе, сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

сот Тергеу айыпталушы оқиға
22 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
22 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
22 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар