Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот 21 шілдеде басталады

2026 жылдың қаңтарында пышақ жарақатынан қаза тапқан 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот процесі 21 шілдеде басталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдікті қызбен таныс болған. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, алғашқы кезеңде істі судья қарай ма, әлде алқабилер соты қарай ма – осы мәселе шешіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы (прокурор) анықталып, келесі сот отырысының күні белгіленеді.Сондай-ақ сот процесінің форматы – ашық, жабық немесе онлайн трансляция арқылы өту мүмкіндігі де қарастырылады.

Қылмыс 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласында болған. Нұрай үйінен шыққан кезде оның артынан ер адам аңдыған. Қыз қашуға тырысқанымен, күдікті оны қуып жетіп, бірнеше рет пышақтаған.

Адвокат Қылмыс Күдікті оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар