Оңтүстік Африкада әлдекімдер тоғыз адамды атып кетті
Оңтүстік Африкада әлдекімдер тоғыз адамды атып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тағы он шақтысы жарақат алды. Қайғылы оқиға Йоханнесбург маңындағы барда болған.
Полицияның мәліметі бойынша, қаруланған бір топ адам ғимаратқа баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған. Қазір 12 күдікті іздестірліп жатыр. Шабуылдың нақты себебі әзірге белгісіз. Бұл елдегі қоғамдық орындарда болған екінші оқиға.
Осы желтоқсан айының басында да белгісіз біреулер хостелге шабуылдап, салдарынан 12 адам мерт болған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: