Оқушылардың жаппай улануы: мектеп асханасының тендерін 9 жыл бойы бір кәсіпкер ұтып келген
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 13:00

Оқушылардың жаппай улануы: мектеп асханасының тендерін 9 жыл бойы бір кәсіпкер ұтып келген

Маңғыстау облысында оқушылар астан уланған мектеп асханасының ас мәзіріне қатысты ата-аналар тарапынан бұған дейін де шағым болған. Бұл туралы балалардың ата-анасы айтып берді. Ата-аналардың айтуынша, балалардың басым бөлігі асханада жеген тамақтың жағымсыз дәміне шағымданған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Балам қатты қызулап жатыр екен. Жүрегім айнып, құсқым келеді деді. Сол-ақ екен ішкен-жегенін шығарып тастады. Таңғы мезгіл, балама дәрі алдырттым. Уланды деп ойлаған жоқпын. Кейін балам күндіз мектепте ашыған пюре жегенін айтты», - дейді ауыл тұрғыны Айман Бекқараева.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, балалар ауруханаға түскен кезде тағамдық токсикалық белгілермен келген.

Оқушылар жаппай улану мектеп асханасы Тендер

Тақырыпқа жаңалықтар