Оқушылары карта ойнағаны үшін, мұғалім қызметінен кетті

Бұл жағдай Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде білім ордасында түсірілген видео тарады. Кадрдан бірнеше оқушының сабақ үстінде карта ойнап отырғанын көруге болады. Ал сол сәтте сыныптағы өзге оқушылар шулап жүрген. Алайда педагог тарапынан ешқандай ескерту жасалмаған. Мұғалім телефонмен сөйлесіп, өз ісімен отырған.

Осы үшін әскери дайындық пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылған. Ал оқушылардың ата-анасына ескерту жасалыпты.

Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Оқушы Мектеп қуылды Мұғалім
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар