Оралда бос тұрған пәтерде өрт шығып, артынша үлкен жарылыс болды
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер пәтер ішіндегі жеке заттар мен жиһаздың өртеніп жатқанын анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, терезе сынған.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Көршілер бұл пәтерде ешкім тұрмайтынын айтты. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері және 6 техникасы жұмылдырылды.
Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: