Қазақстан жаңалықтары13 желтоқсан 2023, 0:04

Оралда терезеден құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Оралда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 11 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media

Оқиға 9 желтоқсан күні Д.Қонаев шағынауданы 52/2-үйде болған.

«Жедел жәрдем сағат 23.38-де шақырылды. Қалалық көпбейінді ауруханада жатқан баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде есін жимаған жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп хабарлады ведомстводан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, баланың қай қабаттан құлағаны белгісіз. Ата-анасы қасында болмаған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2012 жылғы бала 9-қабаттың балконынан секіріп кетіп, аулада тұрған автокөліктің үстіне түскен.

Қазір ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

орал Жасөспірім терезеден секіру Жансақтау

Тақырыпқа жаңалықтар