Оралда заңсыз микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр

Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА мәліметінше «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы лицензиясыз азаматтардан зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.

Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетілген. Бірақ жасырын түрде жүргізілген.

«Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген», деп хабарлады ҚМА.

 

Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.

орал зергер Қаржы Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар