Оралда жасөспірімдер қылмыстық жауаркершілікке тартылады
Оралда қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ұрып-соғу фактісі былтыр қазан айында болған. Бірақ төбелестің бейнесі енді тарап жатыр. № 17 мектептің оқушылары қоқан-лоққы көрсеткендердің әрекетін бейнежазбаға түсіріп алған.
«Бұл факт өткен жылдың қазан айында болғаны белгілі болды. Ол кезде іске қатысты арыз, шағым түспеген», — дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция өкілдері оқушыны ұрып-соққандарды анықтады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жасөспірімдердің ата-анаcы әкімшілік жауапқа тартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: