Өзбекстан Президенті Астанаға келеді
Шавкат Мирзиёев 21–22 сәуір күндері Астанаға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сапар аясында ол Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Кездесулер барысында Орталық Азиядағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ экология, климат және су ресурстарына қатысты өзекті мәселелер талқыланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: