Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Ербол Хамитов елге оралды

Хамитовты Астана халықаралық әуежайында туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Чемпионға Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Ал Ербол Хамитов күллі қазаққа қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, спортшы Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан алтын медаль, ал шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды.

Осылайша Хамитов Паралимпиада бағдарламасында екі түрлі дисциплинада медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

 

Ербол Хамитов чемпион Алтын Жүлде

Тақырыпқа жаңалықтар