Павлодар облысында заң бұзған 8 әкімге айыппұл салынды

Павлодар облысында сегіз әкім экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеру барысында Аққулы ауданында қоршаған ортаға шығарындыларға рұқсаты жоқ 20-дан астам тұрмыстық қалдықтар полигоны анықталған.

Бұл қоқыс орындары экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Оларда қажетті құжаттар жоқ, сондай-ақ сүзінділерді, ағынды суларды және полигон газдарын бақылау жүйелері қарастырылмаған.

Павлолар облыс Әкім экология

Тақырыпқа жаңалықтар