Павлодарда полиция алаяқтық схемаларда пайдаланылған SIM-box жабдығын тәркіледі
Павлодарда полиция алаяқтық схемаларда пайдаланылған SIM-box жабдығын тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінен арнайы жабдық пен телефон карталары қойылған жасырын кеңсе анықталды. Тергеу барысында 30 жастағы тұрғын биыл 12 маусымнан бастап Sim-box құрылғысын қолданғаны белгілі болды.
Күдікті SIM-карталарды тіркеп, оларды SIM-box құрылғысына орнатып отырған. Кеңседен 32 слотты SIM-box құрылғысы, Mikro Tik желілік трафикті басқару құралдары, ұялы телефондар мен ноутбук тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: