Петропавлда 2 жастағы бала шемішке дәнінен көз жұмды
13 маусымда Петропавл қаласында 2 жастағы бала шемішкеге тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Бірлік шағын ауданында болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"13 маусымда Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында шемішке дәніне тұншығып, екі жасар бала қайтыс болды",-деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: