Петропавлда жасөспірім жалған ақпарат таратқан

Петропавлда жасөспірім жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқушы Telegram-арнасында облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалатыны туралы хабарлама жариялады.

Ол ақпаратты мессенджер арқылы таратып, қауіптің алдын алу үшін ақша талап еткен.

2024 жылға дейін сол мектепте оқыған күдікті, әрекетін «әзілдегім келді» деп түсіндірді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Петропавл Жасөспірім Ақпарат фейк

Тақырыпқа жаңалықтар