Петропавлда жұмысшы 6 метр биіктен құлап кетті

Петропавлдағы жылу электр орталығында жұмысшы 6 метр биіктен құлады, деп хабарлайды Arbat.Media.

40 жастағы жігіт әріптестерімен бірге күл жиналатын қондырғыны тазалап жатқан. Ол биіктіктен құлап ауыр жарақат алған.

Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, басы жарылып, миы шайқалған. Бірнеше қабырғасы сынып, ішкі органдарына айтарлықтай зақым келгені анықталды. Жұмысшы мердігер мекемеде бригада басшысы болып еңбек етіп келген.

Полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жұмысшв Петропавл биік құлады

Тақырыпқа жаңалықтар