Премьер-министр тамақтан уланып қалды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамақтан уланды, деп хабарлайды Arbat.Media Atameken business-ке сілтеп.

Енді ол алдағы үш күн бойы үйінде ем қабылдайды. Мемлекеттік істерді қашықтан басқарады. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлады.

Белгілі болғандай, жексенбіге қараған түні Нетаньяху өзін жайсыз сезінген. Медициналық тексеру нәтижесінде оның ішегінде қабыну бары анықталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 75 жастағы Биньямин Нетаньяху бүлінген ас жеген.

министр уланды тамақ Ауру

Тақырыпқа жаңалықтар