Президент Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
Мемлекет басшысына ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Саясат Нұрбек жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет беріді. Сондай-ақ адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды. Сонымен қатар еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: