Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент өз құттықтауында қазақтың тұңғыш ғарышкерінің еңбек жолындағы жарқын белестеріне тоқталып, халық оны әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейтінін атап өтіпті.

«Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібінің дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беріңіз» деп жазылған құттықтауда.

ұшқыш ғарышкер Халық қаһарманы қайраткер

Тақырыпқа жаңалықтар