Қазақстан жаңалықтары3 қараша 2023, 16:40

Президент: Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері қауіп-қатер бірігу

Тақырыпқа жаңалықтар