Қазақстан жаңалықтары18 желтоқсан 2025, 21:20

Президент Жапаров қар кешкен балаға ескі телефонын сыйлады

Президент Жапаров қар кешкен балаға ескі телефонын сыйлады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ош облысы, Қара-Күлжа ауданына қарасты Коо-Чаты ауылынан келген оқушы Нұрзаман Алмазбековті қабылдады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қардың қалыңдығы бір метрге жеткеніне қарамастан, баланың мектепке кетіп бара жатқан видеосы тараған еді. Президент төртінші сынып оқушысының білімге деген құлшынысын жоғары бағалады.

Жапаров Нұрзаманды президенттік шырша мерекесіне шақырып, бүгін оған жеке өзінің ескі «айфонын», доп, ноутбук және кітап сыйлады.

Жапаров Қырғызстан телефон Бала

Тақырыпқа жаңалықтар