Қазақстан жаңалықтары7 сәуір 2025, 10:17

Президентке қарсы жаппай наразылық өтіп жатыр

АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы жаппай митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті ақпараттарға сәйкес, белсенділер 50 штатта 1400-ден аса акция өткізуді жоспарлап отыр. "Hands Off!" (Қолыңды тарт!) деп ұрандатқан белсенділер штаттардағы заңды, федералды мекемелердің және конгрессмендердің кеңселерінің алдына жиналды.

Деректерге сүйенсек наразылық білдіруге 600 мыңға жуық адам жиналған. Ал негізгі талаптарының ішінде "миллиардерлердің билікті жаулап алуын доғаруды" және Трамп кеңсесіндегі жемқорлықты тоқтату бар. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруды, иммигранттар мен трансгендерлерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етіп отыр.

Митинг, АҚШ

Тақырыпқа жаңалықтар