Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 21:31

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен достығы туралы айтты

Владимир Путин  Қасым-Жомарт Тоқаевпен достығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Казправда» газетіне берген сұхбатында Ресей президенті ағынан жарылды.  

«Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы достық қалыптасты. Бұған дейін де жақын қарым-қатынасымыз туралы бірнеше рет айтылды. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз бір ұрпақтың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз елдеріміздің сенімді дамуы мен өркендеуі үшін, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін, қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Владимир Путин. 

Одан бөлек, Ресей басшысы Мемлекет басшысымен телефон арқылы жиі сөйлесетінін айтты. 

«Ең бастысы - екі халық әрқашан бір-бірімен тату көрші, адал дос болған және солай болып қала береді. Сенімнің, өзара түсіністіктің және көпқырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрлерін нығайта отырып, біз басқаларға үлгі болатын мемлекетаралық қарым-қатынастың озық моделін табысты іске асыратынымызға сенімдімін. Сондықтан әлемде қандай жағдай болмасын, одақтастық қатынастарымыз бен интеграциялық әріптестігіміздің болашағына сеніммен қараймын», - деді Ресей президенті. 

Путин Қасым-Жомарт Тоқаев достық

Тақырыпқа жаңалықтар