Қазақстан жаңалықтары6 сәуір 2024, 1:56

Қадір түні ұйықтамау шарт па?

Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айша анамыз: «(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], деп айтқан.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], деген.

Сондықтан барша мұсылман Қадір түнін құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет.

Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырса құба-құп.

 

 

Қадір түні ұйқы Намаз шарт

Тақырыпқа жаңалықтар