Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.
«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: