«Қайрат» жастары «Олимпиакосты» 2:0 есебімен жеңді
Алматылық “Қайратың” 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы УЕФА жасөспірімдер лигасының 6-турында “Олимпиакос” құрамасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қос құрама арасындағы матч тартысты басталды. Алғашқы таймының небәрі 4-минутында “Қайрат” сапынан Рамазан Бағдат грек командасының қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты.
Ал екінші таймда “Қайраттықтар” басымдықты күшейте түсті. 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш “Олимпиакостың” қорғанысын бұзып етіп, сан басымдығын артырды.
Бастапқы құрамда Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мухамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат алаңға шықты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: