«Қайраттың» бұрынғы бапкері көз жұмды

«Қайраттың» бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

46 жастағы бапкердің көз жұмғаны туралы суыт хабарды Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мәлімдеді.

«Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті», - деп хабарлады федерациядағылар.

Кирилл Кекер футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.

Сондай-ақ ол ұзақ жыл «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысқан. 2022-2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.

футбол бапкер Қайрат клуб

Тақырыпқа жаңалықтар