«Қанша қатын алдың, біреуін туғыза алмадың»: Жахан жанын жаралаған пікірдің иесі үшін кешірім сұраған
Танымал актер Жахан Отарғалиев жүрегіне ең қатты тиген ауыр сөзбен сұхбатта бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әке бола алмай жүргеніне ұзақ уақыт болса да, Құдайдан үміті бар екенін айтып, бұл тақырыпқа қатысты ең қатты жүрегін жаралаған сөз “Қанша қатын алсаңда тудырта алмадың ғой”,- деген сөз екенін жеткізді.
Оразада Меккеге барғанында өзіне ауыр тиген пікірді жазған адам үшін кешірім сұрағанын айтты.
"Раббым, ол адам менің жағдайымды білмей айтқан шығар кешірші. Кешірші ол адамды. Ұрпағына зияны тиіп кетпесінші деп тіледім. Бір-бірімізбен дүние үшін, басқа болмашы заттар үшін қырылып жатамыз. Оның не керегі бар? Бір-бірімізге сәл болсын мейірімді болайықшы", - деді әзілкеш.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: