Қарағанды облысын алапат өрт шарпып жатыр

Соңғы тәулікте облыстағы 8 өрт ошағы сөндірілді. Десе де тағы 5 өртпен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өрт Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында шарпыды. Онда құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр. Жалын шамамен 200 гектар аумақты шарпыған. Таулы-далалы жер, аптап пен екпінді жел өртті сөндіруді қиындатып отыр. Желдің бағыты өзгерген сайын өрттің таралу бағыты да ауысып жатыр.

Қазір Қарағанды мен Теміртау аспаны қызғылт-сары түске боялды.

Бұқар жырау қарқаралы Өрт Таулы жер

Тақырыпқа жаңалықтар