Қарағанды облысындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды
Қарағанды облысындағы Шет ауданы Мойынты станциясында орналасқан кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
«Алғашқы бөлімше келген кезде кафе толық көлемде өртке оранған еді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр, онда оларға төсек орындары мен қажетті медициналық көмек көрсетілуге дайын», - делінген мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: