Жеңіс Қасымбек қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
Қаза тапқан бесінші кеншінің денесі табылды, оны іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді.
"Бүгін түнгі сағат 3-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтасында дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ апаты орын алды. Шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск қаласының ауруханасына және Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Үкіметтік комиссия құрылды.
Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Олардың отбасыларына, сондай-ақ барлық зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды Қарағанды облысының әкімі Facebook парақшасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: