Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіріп кеткен
Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының сүйегі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл деректі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Полиция мәліметінше, екеуінде де зорлық-зомбылық белгілері бар.
«Олардың денелерінде зорлық белгілері қалған. Болған жайтқан байланысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталған, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Күдікті әлі ұсталған жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: