Қарағандыда бір топ адам жастарды қылмысқа тартқан
Қарағандыда бір топ адам жастарды қылмысқа тартып, адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жергілікті полиция өңірдегі криминогендік ахуалға кері әсер еткен топтың қызметін тоқтатты.
Анықталғандай, топ мүшелерінің бірі спортты қолдау және дамыту сылтауымен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқан.
Ұрлық, бопсалау, тонау фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалып, 20 адам ұсталды.
Заңсыз айналымнан атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша тәркіленді.
Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: