Қарағандыда екі мотоцикл жол апатына ұшырап, екі адам қайтыс болды
Жол апаты 16 сәуір кешке Шет ауданы Ағадыр кентінде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның ақпаратына қарағанда, бір бағытта кетіп бара жатқан екі мотоцикл жол апатына ұшырап, салдарынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан.
Апаттан опат болған 37 жастағы ер адам және 17 жастағы жасөспірім.
Оған қоса тағы зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.
Полиция жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: