Қазақстан жаңалықтары7 қаңтар 2026, 14:40

Қарағандыда өрттен бір адам қаза тапты

Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

«Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. 1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды», - деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.

Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қарағанды Өрт Апат Қаза
Кеше, 10:38 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 12:30 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:27 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар