Қарағандыда хоккей матчы кезінде ойыншы көз жұмды
Өткен сенбіде Қарағанды қаласындағы мұз айдынына шыққан спортшы ойын басталмас бұрын жан тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«СКА-Приозерск» командасының құрамында өнер көрсеткен 46 жастағы азамат командалардың сәлемдесу рәсімі өтіп жатқан сәтте кенеттен есінен танып құлаған.
Қатысушылар алғашында қолда бар дәрі қобдишасымен алғашқы көмек көрсетуге тырысты.
Артынша шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлерінің де реанимациялық әрекеттері нәтижесіз аяқталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: