Қазақстан жаңалықтары23 ақпан 2024, 12:34

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі «Болашақ ойындарын» Қазақстанда өткізуді ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарының» ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасы жазады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей президенті Владимир Путин ойындарды бастағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қатысушы мемлекет басшылары турнирге қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол Владимир Путинге физикалық белсенділік, заманауи технологиялар мен цифрлық ортаны біріктіретін бірегей ойындар өткізгені үшін алғысын білдірді.

Тоқаев келесі ойындарды Қазақстанда өткізу туралы ұсынысын да айтты.

Турнир «фигитал» концепциясына негізделген және бес топқа бөлінген түрлі бәсекелестік пәндерді қамтиды.

Әлемнің 100-ден астам елінен екі мыңнан астам қатысушы, оның ішінде Қазақстан командалары 13 пән бойынша бақ сынасады. Қазақстандық жас спортшылармен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, Қазақстан мемлекеті тарапынан балалар спортына тұрақты қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті.

Болашақ ойындары Қазақстанда өткізу Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан

Тақырыпқа жаңалықтар