Qazaq Air шетелдік инвесторға 1 миллиард теңгеге сатылды
Qazaq Air шетелдік инвесторға 1 миллиард теңгеге сатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Самұрық-Қазына” қоры компанияның 51% акциясын сату жөніндегі мәміле аяқталғанын жеткізді. Оның ішінде:
49% – Central Asia Aviation Holdings Limited жеке компаниясы;
Қалған 2 %-ын Kazasía Holdings Limited ЖШС сатып алды.
51% үлесті сату құны 1,020 миллиард теңге болды.
Бұған дейін Qazaq Air-дың вьетнамдық Sovico Group компаниясына сатылатыны бірнеше рет айтылған еді. 2023 жылы қазақстандық әуе тасымалдаушысының құны 10,2 миллиард теңгеге бағаланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: