Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 20:43

«Қазақмыс» Қырғызстанда іздеу салынған Владимир Жұманбаевқа қатысты түсінік берді

«Kazakhmys Holding» ЖШС-сы аталмыш кәсіпорынның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Желіде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», - делінген «Қазақмыс» ЖШС-нің Telegram парақшасында.

Ақпаратта айтылғандай, В. Жұманбаев қазір еңбек демалысында және құқық қорғау органдарынан жасырынбайды, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

«Бұған қоса «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініш келіп түскен жоқ. Компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға дайын», - дейді компаниядан.

Владимир Жұманбаев Қазақмыс Қырғызстан Іздеу

Тақырыпқа жаңалықтар