Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті

2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нақты сектордағы өсім 5,1%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 3,5%-ды құрады. Ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркеліп, 15,2%-ға жетті. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға, көлік қызметтері 7,1%-ға, сауда 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға және байланыс қызметтері 4,3%-ға өсті.

Құрылыс саласындағы жоғары өсім тұрғын үй, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты. Жыл басынан бері елде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

инфрақұрылым Экономика Нарық өнеркәсіп

Тақырыпқа жаңалықтар