Қазақстан жаңалықтары4 қаңтар 2026, 9:25

Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылады

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы бұзылатынын – бұрқасын соғып, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

4 қаңтарда Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

4 қаңтарда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Семей қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

4 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 4 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 23 м/с-қа жетеді.

лтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі.

4 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында 4 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Риддер қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Өскемен қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

синоптик Ауа райы Қыс мезгіл

Тақырыпқа жаңалықтар